Жаңалықтар

Солтүстік Корея қазақстандық компанияларға кибершабуыл жасаған

Компьютерлік вирустардан қорғау жүйесін әзірлеуге маманданған компанияның сарапшылары жаңа Andariel шабуылдарын анықтады. Бұл Lazarus құрамына кіретін солтүстіккореялық кибертоптың шабуылы екені анықталды, деп хабарлайды Орталық.кз Egemen.kz.-ке сілтеме жасап. 

 

Шабуыл жасау кезінде олар белгілі DTrack бағдарламасының модификациясын, сондай-ақ жаңа Maui төлем құралын пайдаланады. Кибертоп АҚШ, Жапония, Үндістан, Вьетнам, Ресей және Қазақстандағы ірі ұйымдарды нысанаға алған.

Andariel нақты компанияларға назар аудармайды, шабуылдаушылар үшін ең бастысы – ұйымның қаржылық жағдайы. Топ он жылдан астам жұмыс істеп келеді. 2022 жылы да зиянды бағдарламалар арсеналын және шабуыл географиясын кеңейтуді жалғастыруда.

АҚШ-тың киберқауіпсіздік және инфрақұрылымды қорғау агенттігінің шілде айындағы есебінде Andariel үкіметтік және денсаулық сақтау ұйымдарына Maui төлем бағдарламасы арқылы шабуыл жасағаны көрсетілген.

Басқа материалдар

Back to top button