Ресми

Қазақстанда балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай жүйесі енгізіледі

Балабақшаларға кезекке тұрудың орталықтандырылған бірыңғай жүйесі енгізіледі. Ал, білім саласындағы ең қажетті қызметтер толығымен Egov пен ірі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда балабақшаларға кезек цифрлы форматқа көшірілді. Десек те әлі де үлкен мәселе бар, кезекке қою бойынша облыстарда 44 ақпараттық жүйе пайдаланылады, бірізділік жоқ, тәуекелдер бар. Осы мәселені шешу мақсатында орталықтандырылған балабақшаларға бірыңғай кезек енгізіледі. Бұл балабақшалардағы кезекке тұруды, берілген жолдамаларды бақылауға, орындарды бөлу кезінде тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді», – деді министр.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button