Жаңалықтар

Жазықсыз жапа шеккендерге тағзым

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қарағандыда митинг-реквием ұйымдастырылды. Дәстүр бойынша шара Спасск мемориалдық кешенінде өтті.

Спасск көптеген шет мемлекеттер үшін ұмытылмас орынға айналды. Мұнда қуғын-сүргіннің қыспағына түскен адамдар мәңгі тыныштық тапты. Митингке облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК қатысты. Сондай-ақ, зардап шеккендерге құрмет көрсету үшін елшіліктер мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері келді.

Мұнда түрлі мемлекеттер қуғын-сүргінге ұшырағандарға 28 ескерткіш белгі орнатылған. Митингте онда гүл шоқтары қойылды.

– Бұл өткен ғасырда орын алған үлкен трагедия. Біздің парызымыз – бұл естеліктің барша халықтың есінде сақтау. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Қазақстан жерінде 50 мың жапондықтар қалды. Олардың барлығы да отанына орала алмады. Бірақ, жапондықтар қазақтарға алғыс білдіреді. Соның арқасында олар аман қалды, – деді Жапонияның Қазақстандағы елшісі Джун Ямада.

– Бүгін біз еріксіз ұлы далада қалып, осында мәңгі дамыл тапқандарды еске аламыз. Біз сол қиын кезеңді есте сақтауымыз керек және бұл қайталанбауы үшін оны жаңа ұрпақтың есіне салып, түсіндіруіміз керек. Біздің ата-бабаларымыз да осында жатыр, Мен де қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпағымын. Тек қазақ халқының мейірімділігінің арқасында басқа халықтар аман қалды, – дейді Қазақстанның «Вайнах» шешендер мен ингуштер қауымдастығының тең төрағасы Юсуп Келигов.

Спасск мемориалдық кешені 2004 жылы тоталитаризм жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жерленген жерінде құрылды. Мұнда 1930-1950 жылдары КСРО ІІХК-ІІМ бөлімшелері, әскери тұтқындар мен тұтқындарға, сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшыраған КСРО азаматтарына арналған лагерь орналасты. Мұрағаттарға сәйкес Спасск зиратында 5 мыңнан астам адам, 50-ден астам ұлт өкілдері жерленген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button