Ресми

Үкімет басшысы Қарағанды облысында жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің туыстарына көңіл айтты

 

«Кеше кешкісін Қарағанды облысында қайғылы жағдай болғанын білесіздер. Сарышаған ауылының маңында жол апатынан 2 дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері зардап шекті. Олар «Қазақмыс» компаниясының қызметкерлері медициналық тексеруден кейін қайтып келе жатқан. Қаза болғандардың туыстарына, жақындарына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Премьер-Министр кеңесіне Үкіметтің алдағы отырыстарының бірінің күн тәртібіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін енгізуді тапсырамын», – деді Премьер-Министр.

Басқа материалдар

Back to top button