Жаңалықтар

Дарындар дара шықты

«Факел» сауықтыру лагерінде дарынды балалардың «Өнерлі жас өңір мақтанышы» атты бірінші облыстық слеті өтті. Жарыс қорытындысында Сәтбаев командасы үздік деп танылды.

Слёт Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға арналған қосымша білім берудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Оған 56 сынып оқушылары аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Турнир төрт номинация бойынша өтті.

«Өзіңді таныт» ұрандар сайысында бірінші орынды Абай ауданының командасы алды.

«Биле-биле!» номинациясы бойынша ең үздік деп Қарқаралы ауданының ұжымы танылды.

«Туған өлкемді жырлаймын» ән байқауында Ақтоғай ауданының командасы жеңіске жетті.

Шет ауданынан келген балалар «Мен өлеңмен сөйлеймін!» номинациясында ерекшеленді.

Слёттің жеңімпазы Сәтбаев командасы, екінші орынға Ақтоғай ауданының оқушылары, үшінші орынға балқаштықтар орналасты.

Біздің команда «Абай шәкірттері» деп аталды. Оның құрамына біздің мектептің сегіз оқушысы кірді. Жеңіс оңай болған жоқ. Қарсыластар жақсы дайындалды. Біздің команда жарқын, бірегей және көркемдік шеберлігі арқасында бірінші орынға ие болды, дейді Абай атындағы № 4 Сәтбаев мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдәурен Қасымова.

Жеңімпаздар дипломдармен, кубоктармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button