Жаңалықтар

Мұнай өнімдерін заңсыз шығарғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Биыл 4 млрд теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Egemen.kz  хабарлады.

«Жыл басынан бері ҚМА 4 млрд теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғады. Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталуда. Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды», делінген ресми хабарламада.

Басқа материалдар

Back to top button