Жаңалықтар

«Бастаумен» басталған бизнес

Теміртауда кәсіпкер Наталья Кухарчук қуыршақ театрын, тігін және пішу курстарын және шығармашылық шеберхана ұйымдастырды. Бұл жобалар «Бастау Бизнес» арқылы жүзеге асты. Жоба авторының айтуынша, қуыршақ театрын ашу арманы екен. Оның үстіне, тұрмысы төмен отбасы мәртебесінен жағдайды өзгерту керектігін түсініп алға ұмтылса керек.

– 2019 жылы мен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 500 мың теңге көлемінде грант алдым. Тігін машинасын, қуыршақтар мен дыбыс бағандарын сатып алуға жетті. Үстінен тағы да қаражат қосуға тура келді. Ең бастысы – балалар мен достарым қолдау көрсетті. Бұл маған дем берді, – дейді Наталья Кухарчук.

Спектакльдерге арналған қуыршақтар тігу қажеттігі туындағанда Наталья тігін курсын ашу туралы ойланған. Оның бұл бастамасын ұлы қолдады. Облыс әкімінің бизнесті дамытуға берген грантын алып, кестелеу және өнеркәсіптік машиналар мен өнеркәсіптік оверлок сатып алды.

Бүгінде Натальяның тігін курстарында бүгінде 10-18 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар оқыса, «Тук» қуыршақ театрына қызығушылар 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар.

Біраз уақыттан кейін шығармашылық шеберхана ашылды. Мұнда түрлі қолөнерге үйренеді. Үйірмелерде ақылы да, ақысыз да айналысуға мүмкіндік бар. Бес адам жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар, Наталья қайырымдылыққа да ден қойған. Ерекше балалар мен қарттар үйінің қонақтары үшін пандемияға бетперделер, ойыншықтар, жастықтар тігілді. Оқушылармен бірге тегін қойылымдар ұйымдастырылыпты.

Өз тілшімізден. 

Басқа материалдар

Back to top button