Жаңалықтар

Топқа түсті, оза шапты

ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАС МАМАНЫ ЕРБОЛ БАЗАРБЕКОВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН «ҚАЛАМГЕР» ҮЗДІК КӨРКЕМ ШЫҒАРМА БАЙҚАУЫНДА БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ.

Кәсіби мамандықтың беделін арттыру, мемлекеттік қызметкерлердің арасында таланттарды табу мақсатында өткізілген байқауға түрлі мемлекеттік органдардан 34 мемлекеттік қызметші қатысқан. Мемлекеттік орган, қоғамдық бірлестік өкілдері, сондай-ақ, Президенттік жастар кадр резервшісі кірген комиссия құрамы өлеңдер, әндер, эсселер және басқа да әдеби шығармаларды қарады. Нәтижесінде облыстық соттың бас маманы Ербол Базарбеков бас жүлдеге ие болса, Кеншоқы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Балшекер Иргимбаева «Үздік монолог» аталымына, Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Ольга Рабских «Үздік эссе» аталымында, Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің бас маманы Нұржан Сағындық «Үздік өлең» аталымында үздік деп танылды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button