Жаңалықтар

Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионы атанды

Иордания астанасында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Алуа Балқыбекова жеңімпаз атанып, алтыннан медаль тақты. 

Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова бүгін, яғни 11 қараша күні өтетін финалда жапониялық Като Хикарумен кездесуі керек болған. Алайда, жекпе-жектің жеңімпазы мезгілінен бұрын анықталып отыр. Себебі, жапониялық қарсылас Като Хикару жартылай финалда сол қолын жарақаттап алып, рингке шыға алмады. 

Осылайша, 48 кило салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Басқа материалдар

Back to top button