Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін, 10 тамызда еліміздің басым бөлігінде жауын жауады, – деп хабарлайды Ortalyq.kz.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, орталығында, солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел соғады, күндізгі уақыттарда бұршақ және оңтүстік-шығысында дауыл болуы ықтимал. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде түнде және таңертең шаңды дауыл болады», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Қарағанды облысының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысында қатты жаңбыр жауады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында аптап ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі жалғасады.