Жаңалықтар

«Сен үшін дұға етемін, бауырым»: Канело комада жатқан Айдос Ербосынұлына қолдау көрсетті

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы титулы үшін айқаста кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комаға түсті.

Kaz.caravan.kz

Комада жатқанын білген әлемге әйгілі кәсіби боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы үшін дұғада екенін айтып, оған қолдау көрсетті. Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы хабарлады.

“Мен сен үшін дұға етемін, бауырым”, – деп жазды Сауль Альварес Instagram желісіндегі Stories-де.

Естеріңізге сала кетейік, кеше қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррель (7-0, 6 КО) арасында WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен болатын.

Басқа материалдар

Back to top button