Жаңалықтар

Қарағандылық оқытушы республикалық байқауда оза шапты

Қарағанды облысы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы 26 жасар Фариза БОРАНҒАЗЫТараз қаласында өткен дәстүрлі Ахмет Байтұрсынов атындағы байқауда екінші орын алды. Оған еліміздің өңірлерінде іріктеу турынан өткен 12 үміткер қатысты.

Байқау төрт кезеңнен тұрды: қатысушылар қазақ тілін оқытудың жеке тәжірибесі негізінде авторлық бағдарлама ұсынды, оның үстіне ол тілді тез үйренуге арналған арнайы әдістемелерді қамтуы тиіс еді; Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми еңбектеріне қатысты сұрақтарға жауап берді; аудиториямен жұмыс істей білуін көрсетті.

– Қазылар алқасы біздің облыс ұсынған жұмысты орыс тілді аудитория мен ересектерді оқыту бойынша бірегей авторлық жоба деп таныды және оны басқа әріптестеріне ұсынды. Біз ұсынатын жобаның ерекшелігі – кәсіби салаға және қысқа мерзімді ағымға бағдарлану. Жалпы білім беру курсының бағдарламасы 24 лексикалық тақырыпты қамтиды. Оның негізінде медицина қызметкерлеріне арналған оқу құралы шығарылды – А1 (қарапайым) және А2 (базалық) деңгейі. Білім беру құралы QR-коды бар электрондық нұсқаға қосымша ретінде әзірленді. Оқу құралында аурудың терминдерімен, атауларымен, олардың белгілерімен, медициналық жабдықтың атауымен және т. б. танысуға болады, – деді Фариза Боранғазы.

Байқауды ұйымдастырушы – тіл саясаты комитеті. Оның негізгі мақсаты – лингвистика саласындағы ұлы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін зерделеу арқылы қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру болып табылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Back to top button