Фоторепортаж
Құтқарушылар қызметінде – журналистер
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті БАҚ өкілдерімен Федоров су қоймасының жанындағы құтқару станциясында қызықты құтқару квестін өткізді.

Бұл шара өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысымен танысу үшін жоспарланған. Соған сәйкес, БАҚ өкілдері құтқарушылардың атқаратын қызметтерінің бір бөлігін орындап көрді. Әуелі өрт сөндірушінің киімін киіп, автосаты арқылы оқу мұнарасына көтерілді. Одан әрі сол оқу мұнарасынан арқан жіп арқылы төмен түсті. Су жағасында сүңгуірдің құрылғыларымен танысып, суға кеткен адамды құтқаруын тамашалады. Сондай-ақ, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтарына қатысты.





Ербол ЕРБОЛАТ.