Бас тақырып

Сырқат жандар сыртқары қалмайды

Карантин жағдайында жеңілдетілген рецепт бойынша дәрі-дәрмек алатын құжатының мерзімі өтіп кеткен, жоспарлы отаға жазылған, баласы сырқаттанып қалған адамдарға атқарушы органдар тарапынан туындаған мәселелерді шешу жолдары ұсы­нылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, созылмалы сырқаты бар адамдар жеңілдетілген рецепт мерзімін создыруы үшін учаскелік дәрігеріне қоңырау шалып, жаңа рецептке тапсырыс беруі керек. Ол құжат кешенді медициналық ақпараттық жүйеге тіркелген қаладағы 330 дәріхананың барлығына «ДамуМед» мобилді қосымшасы арқылы электронды нұсқада, не болмаса, пациенттің ұялы телефонындағы WhatsApp қосымшасына хабарлама түрінде жіберілетін болады. Ең бастысы, сырқатыңыздың бұрыннан бар екендігі жайлы дерек емханада тіркелген болуы керек.

Төтенше жағдай режимінде жоспарлы оталардың барлығы кейінге шегеріліп отыр. Ал, балалары сырқаттанып қалған ата-аналар учаскелік дәрігермен телефон арқылы байланысқа шығып, баланы үйінде қаратып, науқасы ауыр болмаса, қажетті емдік шараны үй жағдайында алатын болады.

Құрманғазы ӨТЕБАЙ

Басқа материалдар

Back to top button