Жаңалықтар

Басшылар бизнес жүргізген

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің дерегіне сүйенсек, соңғы төрт айда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 154-бабы бойынша 28 әкімшілік құқықбұзушылық анықталыпты. Яғни, ол бапта басшылардың қосымша кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салынған.

Сот қаулысымен кінәлі деп танылғандардың жартысы білім беру ұйымдарының басшылары. Ал, алтауы – денешынықтыру және спорт мекемелерінің басшылары, 5-еуі – мемлекеттік қызметшілер, қалғаны – облыстық және қала, аудандық деңгейдегі коммуналдық мемлекеттік мекемелер басшылары.
Құқықбұзушылық жасағандардың көбі мемлекеттік сатып алумен, мал шаруашылығымен, өздеріне тиесілі емес жылжымайтын мүлікті жалға берумен шұғылдана отырып, қосымша табыс тауып келген. Мұндай қадамға көбіне білмегендіктен барған.
Сонымен қатар, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша басшысы Рустам Танышпековтың айтуынша, департамент өкілдері Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 680-бабы бойынша (Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы) 19 әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың басшыларын анықтап, сыбайластыққа қарсы құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Оның жартысынан көбі тағы да – білім бөлімінің басшылары. 4-еуі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылары, 3-еуі – қала және аудандық деңгейдегі дербес бөлім жетекшілері мен 2-еуі – ауыл әкімдері.
– Заңның 11-бабы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгендігін ескере келе, құқық бұзушылыққа жол берген жоғарыдағы 19 лауазым иесі бұл туралы бейхабар болғандықтары әкімшілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру барысында анықталды. Осы орайда персоналды басқару қызметтерінің негізгі тікелей міндеттерінің өз деңгейінде орындалмағандығы тағы бір мәрте орын алған. Себебі, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттарды конкурс негізінде іріктеу, тиісті құжаттарын рәсімдеу персоналды басқару қызметтерінің басты қызметі, – дейді «Сарыаарқа – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Малика Күсенбаева.
Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button