Жаңалықтар

Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды облысының тұрғындарын тексеріп-қарауға 2,6 млрд. теңге аударды

Қарағанды облысында консультациялық-диагностикалық қызметтерге сұраныс айтарлықтай өсті. Аймақ тұрғындарын зерттеу және кеңес беру үшін осы жылдың 4 айында медсақтандыру қоры 2,6 млрд. теңге аударды.

Бұл ақша КТ, МРТ, зертханалық зерттеулер, салалық мамандардың консультацияларын өтеуге бағытталады.

2019 жылы дәл сол уақыт кезеңінде консультациялық-диагностикалық қызметтер 0,4 млрд. теңгеге көрсетілген болатын.

– Медициналық сақтандыру жүйесін енгізгеннен кейін консультациялық-диагностикалық көмекті қаржыландыру артты, сәйкесінше, бұл көмектің сақтандырылғандар үшін қол жетімділігі де артты, – деп атап өтті медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Басқа материалдар

Back to top button