Жаңалықтар

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі фин университетінің грантын ұтып алды

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Әлішер Әзімбаев Финляндияның ең танымал жоғары оқу орындарының бірі – Тампере университетінде білім алуға грант ұтып алды. Ол “Тұрақты қалалық даму” мамандығы бойынша білім алуды жоспарлап отыр.

– Финляндияда мен болашақ жұмысыма қажетті белгілі бір тәжірибе беретін жаңа мәдениетпен танысамын деп ойлаймын.  Өйткені, қазіргі заманғы қала құрылысы мен инфрақұрылымының финдік үлгісі ең үлгілі болып табылады, – деп есептейді қарағандылық.

Әлішердің айтуынша алған білімдерін Қазақстан қалаларын жақсарту үшін пайдаланғысы келеді.

Тампере қаласы Фин елінде үшінші орында. Тампердегі университет басқару және әлеуметтік мамандықтар бойынша Оңтүстік Финляндияда жетекші болып саналады.

Қарағанды НЗМ биылғы оқу жылында 77 түлек шығарды.

Басқа материалдар

Back to top button