Жаңалықтар

Қарағанды облысында Бизнес-мектепте онлайн-оқуға тіркелу басталды

Қарағанды облысында бизнесін енді бастаған және әрекеттегі бизнесі бар кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-мектеп» құралы бойынша онлайн-оқуға тіркеу басталды. Мектепте кәсіпкерлік негіздерін үйретеді.

«Атамекен» АКП хабарлағандай, жыл басынан бері 2 507 тыңдаушы күндізгі оқудан өткен. 1 маусымнан бастап оқу тек онлайн жүргізіледі. Келесі сілтеме бойынша өтіп, тіркелуге болады: https://atameken.co/ru/course-business-advisor.

Тіркелген соң қатысушылар 10 сабақ алады, сондай-ақ бизнес-жоспарлардың мысалдарын, маркетингтік зерттеулерді, қаржыландыру  құжаттарының үлгілерін және шағын бизнесті құру үшін идеялық анықтамалықтарын қамтитын оқу материалдарын алады.

Курсты аяқтаған тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтеді, оның нәтижесі бойынша (жинаған шекті баллдары – 70%-дан кем емес болған жағдайда) «Бизнес-мектепте» оқудан өткені туралы сертификат беріледі.

Сондай-ақ, тіркеу үшін Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасына келіп (Ермеков көшесі, 29, 1-ші қабат), жеке  куәлік көшірмесімен бірге өтініш беруге болады; сондай-ақ өтініш берушінің санатын растайтын құжат қажет (кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде іске қосылмаған жұмыспен қамтылған тұлға / ісін жаңа бастаған кәсіпкер / жұмыс істеп жүрген кәсіпкер).

Барлық сұрақтар бойынша 1432 нөміріне хабарласуға болады.

Өткен жылы «Бизнес-мектепте» 26 411 адам оқудан өтті, оның 2 204-і өз жобаларын жүзеге асырды.

«Бизнес-мектеп» құралы бойынша оқыту не береді?
Курс аяқталғаннан кейін «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыруды ұсыну конкурсына қатысып, жеңілдікпен қаржыландыруға үміткер бола алады. Ал орта жылдық айналымы 5 мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес бағдарлама бойынша экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын ШОК субъектілерінің жоғары буын басшылары «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының «Іскерлік байланыстар» құралы шеңберінде шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатыса алады.

 

Басқа материалдар

Back to top button