Жаңалықтар

Бұқара мәселесі – назарда

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы, «AMANAT» партиясынан депутаты Серік Өтешов, сондай-ақ, депутаттар Қадиша Оспанова мен Мұрат Әбілов өңірлерге жұмыс сапарлары аясында Абай ауданына барды. Депутаттар жұмыс сапарын Агрогородок ауылындағы модельдік кітапхана мен клуб үйінен бастады.

2018 жылы Агрогородок ауылының ауылдық модельді кітапханасында коворкинг-орталық ашылды. Оның негізінде халықтың барлық топтарына арналған оқу, іскерлік кездесулерге арналған орын бар. Балалардың танымдық-шығармашылық дамуына арналған балалар орталығы да жұмыс істейді. «Армандастар» бағдарламасы аясында кітапханада «Арман» әдеби клубы, жас экологтар және «IT ѕрас» компьютерлік сауаттылық үйірмесі жұмыс істейді.

2021 жылдан бастап «Парасат жолы орталығы» жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтар арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілуде.

Агрогородок ауылдық клубында 5 шығармашылық ұжым және 7 клубтық құрылым бар. Олардың қатысушылары – жергілікті тұрғындар. Бос уақыттарында мұнда түрлі шаралар, концерттер өткізеді. Биыл клубқа аманауи құрал-жабдық сатып алынды.

Бұдан соң облыстық мәслихат депутаттарының жұмыс сапары Абай қаласында жалғасты. Депутаттар орталық аудандық кітапханаға барып, ұжымның жұмысымен және кітап қорымен танысты. Мекеме директоры Наталья Филипенконың айтуынша, бүгінде орталық кітапхана бейімделген ғимаратта болғандықтан, өз функцияларын толық орындай алмайды. Алайда, оған қарамастан, мұнда әртүрлі инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. «Қаламгер: әдеби өлкетану», «Book day», «Мейірімділік» әлеуметтік-шығармашылық бастамасы қолға алынған.

Наталья Филипенко көрме залы бар жаңа орталық аудандық кітапхананың жобасы бар екенін атап өтті. Қазіргі кезде құрылыс үшін жер телімін рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ауданда барлығы 15 мәдениет үйі мен ауылдық клубтар, мәдениет және демалыс саябағы, «Юбилейный» концерт залы және 17 кітапхана бар. Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Серік Өтешов атап өткендей, ауылдық кітапханаларды тарту орталықтарына, уақыт талаптарына жауап беретін жетекші ақпараттық-ағартушылық мәдени орталықтарға айналдыру маңызды, материалдық-техникалық базаны нығайту, өзекті және қызықты әдебиеттер түсу, кадрлық қамтамасыз ету, электрондық қызметтер спектрін кеңейту, заманауи ыңғайлы жиһазы бар жайлы оқырман аймақтарын құру сияқты мәселелерді шешу қажет.

Абай ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ауылдық кітапханалар мен клубтарды дамыту жөніндегі шаралар кешені әзірленеді. Барлық мәселелер жергілікті атқарушы органдармен бірге жүйелендіріліп, пысықталады.

Депутаттар Абай қаласындағы Мәдениет сарайында орналасқан этномәдени орталықтарға барды. Барлық бірлестіктер ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысады.

«AMANAT» партиясы филиалының ғимаратында аудан жұртшылығымен кездесу өтті. Серік Өтешов тек жергілікті атқарушы органдармен, ауданның қоғамдық кеңесімен, сайлаушылармен бірлескен жұмыс сайлау алдындағы барлық міндеттерді орындауға мүмкіндік беретінін және өңірдің дамуына септігін тигізетінін атап өтті.

Кездесудің басты мәселелерінің бірі – конституциялық түзетулер бойынша алдағы референдумды талқылау болды. Серік Өтешов өз сөзінде депутаттар мен аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін халық арасында түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың хатшысы «AMANAT» партиясының филиалында азаматтарды жеке қабылдады. Қоғамдық кеңес мүшесі Юлия Башкированың тек қалаға ғана емес, іргелес кенттерге де қызмет көрсететін №18 маршруттың жұмысына қатысты өтініші қаралды. Тұрғынды оны әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізіміне енгізу мәселесі қызықтырды. Өтініш бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

Кездесу соңында еңбек ұжымдарымен кездесулерді және азаматтарды жеке қабылдауды облыстың басқа да ауылдық өңірлерінде жалғастыру жоспарланғаны атап өтілді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button