Жаңалықтар

45-ші орамдағы су құбырлары тексерілуде

Қарағандыдағы 45-ші орамның тұрғындары «Қарағанды Су» ЖШС мамандарына су қысымының төмендеп кеткенін, тіпті, кейбір пәтерде су болмай қалатынын айтып шағымданған. Осы мәселе бойынша мамандар су құбырларын тексеруде. 

 

– Бірнеше күн бұрын ауданның төтенше жағдайлар жасақтары техникалық тексеру жұмыстарын жүргіздік. Шағым түскен мекен жайдың су құбырларының камерасын, қысымын, клапандарын қарадық. Қазір су қысымын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Себептері анықталуда, – деді «Қарағанды Су» ЖШС компаниясының мамандары. 

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button