Жаңалықтар

Үш жасар сақшы

Қарағанды қаласының Ұлттық ұланы 5451 әскери бөлімінде “Мира” атты есірткі іздегіш қызметтік ит қызмет етуде.

Мира 2019 жылы Петропавл қаласындағы “Ақ-Барс” жануарларды бағу клубынан алдырылған болатын.

Өзінің қызметтік 3 жылында Мира оқу-жаттығулар мен жауынгерлік қызметте алғырғырлық көрсетті.

— Мен оны күшік кезінен алған болатынмын. Үлкен ит кезінен алғаннан гөрі, кішкентайынан жаттықтырғпн әлдеқайда тиімді. Әрқашан қызмет барысында қасымда болғандықтан, ең жақын досымдай болып кетті. Көптеген жерде көмек көрсетіп, ешқашан ұятқа қалдырмады, – дейді кинолог маман ефрейтор Мұхамет Салықов.

Айта кетелік, Мираның арқасында бірталай қылмыс әшкереленіп, көптеген құқық бұзушылар полиция учаскелеріне жеткізілді. 11 шілде күні төрт аяқты қызметкер кинолог мамандардың жарысына Қарағанды қаласынан қатысады.

ҚР Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button