Жаңалықтар

25 қазанда жартылай күн тұтылады

25 қазанда күн жартылай тұтылады. Бұл құбылыс Қазақстанның барлық өңірінде байқалады, деп хабарлайды Ortalyq.kz  Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Айдың Күнді уақытша 60-80%-ға жабатынын көре алады. Фесенков атындағы астрофизикалық институттың жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы зертханасының меңгерушісі Любовь Шестакова қай қалаларда құбылыс жақсы көрінетінін де салыстыра болжады.

«Алматыда күн тұтылуының басталуы жергілікті уақыт бойынша 16:26 мен жерглікті уақыт бойынша 17:35 аралығында болады. Максималды фазасы 76%-ды құрайды. Бірақ қазір кеш ерте болатындықтан Күннің көкжиектен биіктігі небәрі 3 градус болады. Ақтөбе қаласының тұрғындарына көбірек анық көрінбек. Онда күн тұтылу жергілікті уақыт бойынша 14:52-де басталды.  Максималды фазасы 80 % күннің 15 градустық биіктігінде сағат 16:07-де көруге болады”, – деді Шестакова.

Қазақстанның қалаларында күн тұтылуын әр түрлі уақытта көруге болады. Мысалы, Астанада – 16:06 (83%). Кеш батқан кезде ай күн бетін қайта ашады. Петропавлда (80%) – 17.08-де, Павлодарда (79%) – 17:18-де, Орал қаласында (71%) – 16.00-де, Атырауда (69%) – 16.07-де, Шымкентте (69%) – 17.32-де.

Астрономдар бұл табиғи құбылысты дәнекерлеушілерге арналған көзілдіріктер арқылы айрықша көріністі анығырақ көре алатынын айтады.

Басқа материалдар

Back to top button