Абзал Нүкенов: “Қарағанды мен Теміртау арасындағы қатынас шектеледі”
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов “Фейсбук” парақшасында Қарағанды мен Теміртау тұрғындарына мәлімдеме жасады. Ол өз сөзінде тұрғындарды қабылданған шектеу шараларына түсіністік танытып, сабыр сақтауға шақырды.
“Қадірлі қарағандылықтар, індет тарауының салдарынан орын алған соңғы қайғылы жағдайға байланысты Қарағанды мен Теміртау арасындағы қатынасты шектеу бойынша қосымша шаралар қабылдауға мәжбүрміз. Шектеу шаралары жақын арада жүзеге асырылатын болады.
Екі қала арасында тұрақты қатынайтын азаматтардан бұл шараларға түсіністікпен қарап, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге жіті көңіл бөлулерін сұраймыз.
Мекеме басшыларын, карантин кезіндегі тәртіпке сай, жұмысшылардың құқықтарының қорғалуына ерекше назар аударуға шақырамыз”, – деді Абзал Нүкенов.