Жаңалықтар

Қарағандының Тәттімбет көшесінде 28 жастағы жігітті көлік қағып кетті

Оқиға 12 қазан кешкі сағат 20:00 шамасында орын алған. Жас жігіт жаяу жүргінші жолағынан өте бергенде оны “Ауди” көлігімен 33 жастағы ер адам қаққан. Зардап шегуші дереу Мақажанов ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, жігіт басынан зақым алған және аяғы сынған.

Сурет интернеттен алынды

Көлік жүргізушісінің ісін полиция қарап жатыр.

Тәттімбет көшесінің тұрғындары жыл басынан бері осы жерге бағдаршам қоюды өтініп, құзырлы орындарға шағымданып бағуда. Олардың айтуынша жолға бағдаршам қойылмайынша зардап шегушілер саны көбейе бермек. Өйткені бұл маңда мектеп, балабақша тығыз орналасқан.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button