Ресми

“Тұңғыш Президент туралы” Заңның күші неге жойылмады?

Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, Заң жобасы Мәжіліске жіберілмеген, деп хабарлады Халық үні ақпараттық порталы. 

“Тұңғыш президенттің мәртебесі туралы Заңға тоқталайын. Конституциядан “Елбасыға” қатысты барлық норма алынып тасталғаны белгілі. Бірақ мұнда мәселе бар. Тұңғыш Президент туралы және оған сілтеме жасайтын нормалар басқа заңдарда да бар. Ол оннан асады. Сондықтан бұл жұмыс біраз уақытты талап етеді, яғни талдау жүргізіп, шешім қабылдау керек. Уақыт өте ол орындалады”, – деді Қанат Мусин Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Басқа материалдар

Back to top button