Жаңалықтар

Басқармада кадрлық өзгеріс

Облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі Нұрбек СЕРІКОВ басқаратын болады. Басқарманың жаңа басшысын аппараттық жиында облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК таныстырды.

Нұрбек Серіков 2012 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінде экономист болып бастады. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде және өңірлік даму, ұлттық экономика, инвестициялар және даму министрліктерінде сарапшы болып жұмыс істеген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде коммуналдық шаруашылық департаментін басқарды. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі тағайындауға дейін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Басқа материалдар

Back to top button