Жағымды жаңалық

Инватакси іске қосылды

Приозерск қаласында мүгедектігі бар азаматтарға арналған инватакси қызметі іске қосылды. Енді мұндағы мүмкіндігі шектеулі адамдар тегін такси қызметіне жүгіне алады.

Қоғамымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасауды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жіті тапсырған болатын. Приозерскте еліміздің барлық аймақтарына үлгі боларлық игі бастама қолға алынғаны көпшілікті қуантты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қалада мүгедектігі бар азаматтарға қазіргі таңда еңбек етуге барлық мүмкіндік бар. Аптаның 5 күнінде жұмыс жасайтын қызмет түрі банк, аурухана, мемлекеттік мекеме мен мәдени шараларға тегін жеткізетін болады. Тек автокөлікке 1 тәулік бұрын тапсырыс беру қажет.

Бүгінде қала ішінде жүріп-тұру қиындық туғызып келгені ақиқат. Көлікке жайғасу, арбаны көлікке көтеріп салу секілді ыңғайсыздықтар ендігі кезекте ұмытылады. Көрсетілген телефон нөміріне хабарласып, арнайы жасақталған көліктің көмегіне кез-келген уақытта жүгіне алады. Олардың белгіленген жерге қатынаулары да тегін, – дейді мамандар.

Нұрдос КӘРІМ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button