Бас тақырыпМедицина

404 тұрғыннан қызылша расталды

Облыстағы 404 тұрғыныннан «қызылша» расталды. 290 жағдай Қарағанды қаласында тіркелді. Қызылшамен сырқаттану вакцина алмағандар арасында кең таралуда. Бұл туралы облыстық санитариялық­-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанова айтып берді.

Сурет: lada.kz сайтынан

Айта кеткен жөн, аурудың таралуын болдырмау мақсатында елімізде 6 қарашада қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. Соған орай 6-11 айжәне 2-4 жас аралығындағы балалар (қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан), сондай-ақ, қызылшаға қарсы профилактикалық егулері жоқ медицина қызметкерлері вакцина алуда.

27 қарашадағы жағдай бойынша қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау науқаны кезеңінде 7 572 адам егілді. Оның ішінде 6-11 ай жасында 2 967 бала, 2-4 жастағы 2 459 бала бар. Сондай-ақ, 1535 медицина қызметкері вакцина алды.

Дәрігерлердің айтуынша, қосымша иммундау ықпалымен 2015 және 2019 жылдары қызылшамен сырқаттанушылық барынша азайған. Республика аумағында қызылшаның өршуі тоқтатылған. Әрбір қосымша доза иммунитетті күшейтетіндіктен, аурудың алдын-алудың сенімді шарасы – ауру жағдайында асқынулардан қорғайтын вакцина.

Естеріңізге сала кетейік, қызылша ауыр асқынулар – отит, пневмония, жүйке жүйесі тарапынан – энцефалит, менингит, паненцефалитке әкеледі. Паненцефалит бұл ми зақымдануының ең қауіпті және ауыр асқынуы болғандықтан, мүгедектік пен өлімге әкелер қаупі жоғары.  

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button