4000-нан астам ата-ана сарбаздардың өмірімен танысты
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың бұйрығымен өткен бірыңғай Ашық есік күні аясында 4000-нан астам сарбаздың туған-туыстары әскери бөлімдерге барды. Қонақтарға қару-жарақ пен әскери техникалар көрсетіліп, сарбаздардың дайындығы таныстырылды.

Ата-аналар казармаларды, оқу-жаттығу алаңдарын, асханаларды аралап, әскери қызмет пен тұрмыс жағдайын көрді. Сонымен қатар қауіпсіздік шаралары мен тәрбие жұмыстары туралы ақпарат берілді.
Елдің әр өңірінен келген ата-аналар балаларының жетістіктерімен танысып, әскери бөлім басшылығына алғыс айтты. Кей бөлімдерде спорттық жарыстар өтіп, десантшылар мен теңіз күштерінің дайындығы көрсетілді.

Шараға келе алмаған ата-аналар үшін бейнеқоңырау арқылы байланыс ұйымдастырылды. Ашық есік күні армия қызметінің ашықтығын көрсетіп, ата-аналардың сенімін арттыруға бағытталды.
Материалды әірлеген Аяулым СОВЕТ



