Бас тақырыпПрезидент
40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатында қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартудың маңызына тоқталды.
«Алдағы уақытта әлеуметтік салаға 2 триллион теңгеден астам қаржы жұмсалатынын білесіздер. Аз қамтылған көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынады. Өңірлерге жасаған сапарымда мен облыстардағы баспана құрылысының жүргізілу барысын жіті қадағалайтын боламын. Еңбекақыны өсіру, денсаулық сақтау саласын ілгерілету, демографияны дамыту, өңірлердегі инфрақұрылымдарды жақсарту сияқты жұмыстардың бәрі жоспарлы түрде іске асырыла береді. Бұл – бұлжымайтын жоспар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.