Бас тақырып
4 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
4 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында – 1 учаске:
«Екатеринбург-Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП-Қарағанды обл. шек дейін – 61 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге жүреді.
Жетісу облысында – 1 учаске:
«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. – Достық ст. дейін – 100 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қатысты.
Қарағанды облысында – 6 учаске:
- «Екатеринбург-Алматы» 1505-1854 км, Новостройка а. – Балқаш қ. дейін – 349 км.
- «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 231-324 км, Павлодар обл.шек – Ботақара к. дейін – 93 км.
- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217 км, Қарағанды қ. – Қарқаралы қ. аралығында – 200 км.
- «Қызылорда-Павлодар» 970-1135 км, Қарағанды қ. – Павлодар обл.шек. дейін – 165 км.
- «Қызылорда-Павлодар» 788-906 км, Ұлытау обл.шек. – Топар к. дейін – 118 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне жүреді.
- «Екатеринбург-Алматы» 1353-1426 км, Ақмола обл.шек – Теміртау ААП – 73 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қатысты.
Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.



