Бас тақырыпКоронавирус
Қарағанды облысында 7 адам коронавирустан жазылды
Бүгін Қарағанды облысында 7 науқас коронавирус инфекциясын жеңіп, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
“Індеттен сауыққандардың төртеуі “Минск – Нұр-Сұлтан” бортының жолаушылары, ал, үшеуі Қарағанды қаласының тұрғындары. Олар толық емдеу курсынан өткен соң 2 мәрте ПТР (полимеразды тізбекті реакция) сараптамасын тапсырды. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың індетті жеңгені анықталды. Олар 14 күнге үй карантиніне жіберілді. Жалпы алғанда, аймақта коронавирустан жазылғандардың саны 12 адамға жетті”, – делінген хабарламада.