Жаңалықтар

«Ақсамалдай әндері Розаның»

Қазақ ән өнерінің бұлбұлы Роза БАҒЛАНОВАНЫҢ туғанына 100 жыл толуына орай қарағандылық №95 мектептің 9 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Ақмаңдайлымды әуелеткен Роза» атты онлайн өнер сағаты өтті.

Аталмыш кештің мақсаты – жас ұрпаққа ән құдіретін жеткізу. Өнер иесінің өмір баянынан мол мағлұмат беру. Кеш Сәбит Мұқановтың әншіге арнаған жыр жолдарын оқумен басталды. Іс-шара барысында Роза Тәжібайқызының Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерге аса мән беріп, шырқағаны жайлы және көптеген гастрольдік сапарларында, сол баратын елінің тіліндегі әндерді арнайы үйренгені де айтылды.
Бірақ, қазақтың халық әндерін ерекше шебер шырқағаны анық. Жасөспірімдерге қазақ өнерінің күміс көмей әншісінің өмірбаяны мен өнер жолы жайлы біршама мағлұмат берілді. Әншінің орындауындағы Абайдың «Желсіз түнде жарық айы», композитор Мұқан Төлебаевтың ақын өлеңіне жазған «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», Сыдық Мұхамеджановтың «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Қиыстырып мақтайсыз» әндері «Қазақ радиосы» фонотекасында сақтаулы. Оның орындауындағы әндер қазақ музыка мәдениетінің «алтын қорына» қосылды.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button