Жаңалықтар

33 жабық учаскеде дауыс беру жүріп жатыр

Таңмен таласа басталған сайлау дүбірі – аса қарқынды. Әсіресе, қарағандылық сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Алғашқы үш сағатта (10.00-ге дейінгі) тіркелген сайлаушылардың 32,27%-ы өз таңдауларын жасап үлгерген.

Сондай-ақ, облыс аумағында 33 жабық сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Бұл санатқа кіретін сайлау учаскелері – түзеу мекемелері, уақытша ұстау изоляторлары және ауруханалар. Арнайы жабдықталған бұл мекемелердегі дауыс беру белсенділігі жоғары екендігін айтады облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Нұркенов.

Облыс аумағында орналасқан 33 жабық сайлау учаскесінде дауыс беру өз ырғағымен жүріп жатыр. Ол жерлерде байқаушылардың қатысуына ешқандай тыйым салынбаған, – дейді Қайрат Қаршығаұлы.

Яғни, бостандығы мен мүмкіндігі уақытша шектелген азаматтардың сайлау құқығы шектелмейді.

Ерсін МҰСАБЕК

Басқа материалдар

Back to top button