Жаңалықтар
327 843 адам онлайн режимде халық санағынан өтті
Қарағанды облысында 26 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 327 843 адам онлайн режимде халық санағынан өтті.
Қарағанды облысында 26 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 327 843 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті. Облыс халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 23,8%-ды құрайды.
Облыс аймақтары бойынша Ұлытау ауданы көшбасшы. Онда 41,4% халық интернет-сауалнамадан өтті. Сонымен қатар, жоғарғы пайыз Нұра (39,8%) және Қарқаралы (32,8%) аудандарында қамтамсыз етілген.
Сәтбаев және Теміртау қалаларында ең төмен қамтылғаны белгіленді, онлайн санақтан өткендер сәйкесінше 21,2% және 20,9% халық саналды.