Президент: «Президент өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін арттыруымыз керек»

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Біз Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыруымыз керек. Сол арқылы мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтамыз. Шын мәнінде, елімізде өкілді билік мықты болуы керек. Халықтың сенім мандатына ие болған депутаттарға жоғары жауапкершілік жүктеледі. Олар мемлекетімізді өркендету ісіне белсене атсалысуы тиіс, — деп атап өтті Президент.

Тоқаев атап өткендей, бүгінгі таңда жоғарғы тармақ 49 депутаттан тұрады. 

Бірақ біз алға жылжуымыз керек. Сондықтан мен президенттік квотаны 15-тен 10-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым. Олардың 5-уін ҚХА ұсынады, бірақ қазіргідей сайламайды, — деп айтты Мемлекет басшысы.