Бас тақырып
31 желтоқсан – жұмыс күні болып қала береді
Желтоқсанда қазақстандықтар қосымша бір күн демалады.

Биыл желтоқсан айында қазақстандықтар үшін қосымша демалыс күні болады. Бұл Тәуелсіздік күніне байланысты.
Тәуелсіздік мерекесі жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтеді. Биыл күн сейсенбіге түсіп тұр, сондықтан ел тұрғындары аптаның ортасында бір күн демалады.
Бес күндік жұмыс аптасында желтоқсанда 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.
Ал алты күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтіндерде 4 демалыс күні және 26 жұмыс күні бар.
Естеріңізге сала кетейік, 31 желтоқсан – жұмыс күні болып қала береді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



