Жаңалықтар

Ниет болса, жұмыс табылады

Талпынысы бар жанға Халықты жұмыспен қамту орталықтары бос жұмыс орнын тауып береді. Бүгінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы еліміз бойынша іске асырылып жатыр. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларымен миллионнан астам қазақстандық қамтылып, 805 мың адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде, 555 мың адам тұрақты жұмыс орнына алынған. Бүгінде облыстағы Халықты жұмыспен қамту орталықтары бағдарлама қатысушыларын жұмыспен қамти отырып, мердігер ұйымдармен жүргізілетін жұмысты сапалы әрі жоспарлы түрде құрып отыр.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру көзделетін жұмыспен қамту инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жүзеге асырылуда.

Қарағанды облысының қалалық және аудандық халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшылары атап өткендей, инфрақұрылымдық нысандарды іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ, оларға бағдарлама қатысушыларын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

Мысалға, Нұра ауданында жаңадан құрылған 12 жұмыс орнына бағдарлама қатысушыларынан – 7, Шет ауданында – 9, Ұлытау және Ақтоғай аудандарында – 5-тен және Абай ауданында 31 қатысушы жұмысқа орналастырылды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде Қарағанды қаласында білім беру және медициналық-әлеуметтік мекемелердің нысандарына ағымдағы жөндеу жүзеге асырылып жатыр.

Қазіргі таңда іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 31 адам жұмысқа орналасты.

  • Біз Халықты жұмыспен қамту орталығымен көп жыл бойы жұмыс істеп келе жатырмыз, – дейді мүгедектер қоғамдық бірлестігінің директоры Гүлназ Жаңабаева.

Қарағандылық Әсембек Дәрібаев ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай жүрді. Жас жігіт жұмысқа орналасып, әлеуметтік жарналардың аударылуын ойлады. Сол кезде соған жолдастары Қарағанды қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына баруға кеңес берді.

  • Маған ұнайтын жұмысты бірден іріктеп берді, – дейді Әсембек, – Медициналық-әлеуметтік мекемеге жөндеу жұмыстарына жіберді. Енді мен жұмыс іздеген жанға бос жұмыс орындарын таңдау мүмкіндігін беретін Халықты жұмыспен қамту орталығына баруға кеңес беремін.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың сәтті үлгісі ретінде Теміртау қаласы көзге түсті. Мұнда бағдарламаның арқасында өз нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге шешім қабылдады.

  • Оң мысалдар өте көп, – дейді Теміртау Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Әсел Набиева, – нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде биыл 4 инфрақұрылымдық жоба жоспарланып отыр. Олардың бірі – Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығын күрделі жөндеу болып табылады. Теміртау қаласының мектеп-интернатының қоршауын алмастырдық, шаруашылық құрылыстарының шатырын жөндедік. Бұл жұмыстарға да Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша бағдарлама қатысушылары тартылды. Жалпы алғанда, бағдарлама бойынша 32 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде, жұмыссыз 46 адам Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша.

Металлургтер қаласының жұмыс берушілері жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамту проблемасын шешуде белсенді қатысады.

Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, жұмыссыздықты қысқарту және экономикалық жағынан белсенді халықтың санын арттырудың тиімді құралдарының бірі ретінде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын сенімді түрде айтуға болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз адамдар бағдарлама шеңберінде білім алып, дағдыларды меңгеріп, жұмысқа орналасып, тіпті, өз ісін аша алады. Жұмыс іздеп жүрген адамдарға www. enbek.kz сайтындағы Электрондық еңбек биржасын қолдануға ұсыныс береміз.

Электрондық еңбек биржасы сізге үйден шықпай-ақ, қажетті бос жұмыс орнын тауып алуға мүмкіндік береді. Жұмысқа орналасу бойынша біршама толық ақпаратты тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары, селолық округ немесе елді мекен әкімі ұсынады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button