Жылдағы дәстүрмен аудан жастары арасындағы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында аудан әкімінің гранты табысталды. Білмекке ұмтылып, кәсіп қылуға талпынған жастар үшін бұл қаражат үлкен қолдау. 12 үміткер комиссияның алдында өздерінің жобаларын қорғады. 8 үміткердің жан-жақты сараланған жобасы үздік деп танылды.
Қала халқына сапалы қызмет көрсетіп отырған массаж салонының иесі Перизат Айткенова, туризмді дамыту мақсатында – «Жансая» демалыс орнының иесі Жансая Қабжанова, гүл сату дүкенін ұлғайту жобасын ұсынған Қуат Мұрат, «Дарынды бала» түзету -дамыту кабинетін жандандыру жобасымен Альвина Мурсапина, Бақты ауылындағы наубайхана жұмысын жандыру жобасының иесі Мұрат Расул, жылыжай көлемін үлкейту мақсатында ұсынылған жоба иесі Оразбек Айболат, сән салоны жобасымен Салтанат Сүлейменова, IT-KARKAR сервистік орталығының жұмыс ауқымын арттыру мақсатында үздік деп танылған жоба иесі Дастан Үмітқалиевтар аудан әкімінің грантына ие болды.
Бірнеше жыл қатарынан беріліп келе жатқан грант иелері – жас кәсіпкерлер тұтынушыларына сапалы қызмет көрсетіп келеді. Билік тарапынан көрсетілген қолдау жастардың жігерін жани түспек.
Сағыныш ӘБІЛ.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.