Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары!

Сіздерді күллі мұсылман қауымының қасиетті мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бір шаңырақтың астында ұзақ жылдар бойы 140-қа жуық ұлт пен ұлысты, қырық түрлі дінді уағыздайтын 20ға жуық діни конфессияларды тату-тәтті ұстап отыру оңай емес. Алайда, еліміз қаншама уақыттан бері шашау шығармай, достық пен бірлікті ту етіп, баршаны ортақ мүддеге жұмылдырып, олардың ортақ Отаны болып отыр.

Бұл Мемлекет басшысының дана саясатының, сондай-ақ еліміздің барлық діни конфессияларының ынтымақтастығы мен достығының жарқын үлгісінің арқасында деп білеміз. Бүгінгі күні Құрбан айт мерекесі мемлекеттік мәртебеге ие. Мұның барлығы қоғамдық келісімнің, ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық достық қатынастардың арқасындағы жетістік.

Биыл еліміз қиын кезеңді бастан кешуде. Бұл індеттен аман шығып, ұлтымызды сақтап қалу біздің әрқайсымызға тікелей байланысты. Осындай сәтте бастаған игі істер халқымыз үшін жемісті болып, болашағымыз жарқын болсын! Жаңа дәуірде жаңаша өмір сүрген ел ғана қиындықты еңсеріп, дегеніне жетеді.

Ұлтымыз ұлық тұтар мейрам – Құрбан айт құтты болсын ағайын!

Құрметті жерлестер!

Құрбан айт – Исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні ретінде паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам. Сондай-ақ, ол – діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық.

Осынау жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін!

Қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз сауаптан жазылсын!

Айт қабыл болсын!

Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы.