Облыс әкіміРесми

Құрметті көлік саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құт­тықтаймыз!

Сіздердің ұлттық экономикамыздың дамуына қосып жатқан үлестеріңіз құрметке лайық. Бұл күнде көлік саласы күнделікті өмірімізбен тығыз байланысты, онсыз қарапайым азаматтардың өмірін елестету мүмкін емес. Еліміздің экономикасының алдында тұрған міндеттерді уақытылы, әрі жылдам шешу – аса маңызды. Пандемия кезеңінде де көлік қатынастары кәсіпорындар мен халықты жолаушылар және басқа да тасымалдармен уақытылы қамтамасыз ете отырып, тұрақты және үйлесімді жұмыс істеуде.

Бүгінде біздің облыста көліктік-транзиттік әлеуетті арттыруға бағытталған бірқатар стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, мемлекеттік инфрақұрылымдық жоба – «Нұрлы жол» мем­ле­кеттік бағдарламасы аясында еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін жалғайтын ауқымды көлік дәлізі салынуда. Биылғы жылы ғана аймағымызда Теміртау-Қарағанды, Қара­ғанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолдары учаскелерінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал автожолын қайта жаңарту жұмыс­тары белсенді жүргізілуде.

Облыс экономикасында теміржол көлігі ерекше орын алады. Теміржол саласы арқылы өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруа­шылығы салалары қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қарағанды мен еліміздің басқа қала­лары арасында әуе қатынастарының желісі кеңеюде.

Көлік саласының дамуы осы салада еңбек етіп жатқан көлік кәсіпорындары, автобус парктері, әуежайлар, темір­жол вокзалдары мен станция қызметкерлерінің адал еңбек­тері мен жоғары кәсіби шеберліктерінің арқасында іске асырылып жатқаны сөзсіз.

Бұл ретте көптеген жылдар бойына осы саланың қалып­тасуына еңбек етіп, өзіне лайықты ауысымды тәрбиелей білген көлік саласының ардагерлеріне ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді.

Құрметті достар!

Сіздердің барлықтарыңызға қызметтеріңізге деген адал­дық­тарыңыз бен табандылықтарыңыз үшін алғыс айта­мыз.­ Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт және амандық, жұмыста табыс тілейміз. Мерекелеріңізбен!

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button