Жаңалықтар

Жауапты жұмыстың жауынгері

Еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі – Шайхин Жанболат Арыстанұлы. Ол 1987 жылы Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында дүниеге келген.

Жанболат «Отан отбасынан басталады» деген қағиданы қатаң ұстайтын шаңырақта дүниеге келген. Жанболаттың ата-анасының мақсаты – ұлдарын Отанға адал қызмет етіп тәрбиелеу болды. Әкесі Арыстан Шайхин тынбай еңбек етсе, анасы Алмагүл Махмұтова бала тәрбиесімен айналысты. Ол балаларының уақытты дұрыс бағалай білу керек екендігін қатты қадағалайтын. Жанболат еліміздің іргелі оқу орындарының бірі – Алматы қаласындағы Қонаев атындағы университетте заңгер мамандығын тәмамдаған. «Балам, ауыр да қиын жолды таңдадың. Елге қорған болу үшін бойда жігер, жүректе сенім болу керек. Егер осы қасиеттеріңді жоғалтпасаң, мақсатыңа жетесің. Саған тек ақ жол тілеймін, – деген еді. Әке өсиетін ол ешқашан естен шығарған емес. Бүгінгі таңда, полиция капитаны, тергеуші Жанболат Шайхин Жезқазған қаласының полиция басқармасында қызмет атқарады. Жанболат өз қызметінде жүріп күні-түн тынбай еңбек етіп, полиция қызметінде қандай да бір із қалдырып, халықтың тыныштығын, қауіпсіздігін сақтауда. Ол 2020 жылдың қыс айында есірткі ісіне қатысты Жезқазған қаласының 64 жастағы тұрғынының ірі көлемдегі 7 кг 500 грамм марихуана, 1 кг 200 грамм гашиш сатып және үйінде сақтау бойынша істі тергеп, аяғына дейін жеткізді. Қылмыскер Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 297-бабының 3-бөлімі, 2,3-тармағы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Қандай да болса қылмысты ашуда, оны зерделеп тергеуде жан-жақтылықты талап етеді. Ол өзінің қызметінде қылмыскермен және зардап шеккендермен бетпебет келеді. Бірақ, істің қандай қиындығы болса да оны тереңнен тергеп, анық-қанығына жетеді. Сондықтан, тергеушінің әлі де болса алар асуы жоғарыда екендігі белгілі.

А.РЫМБЕКОВА,

Жезқазған қаласының ПБ ІСКТ жетекші маманы.

Басқа материалдар

Back to top button