АймақКоронавирусҚарқаралы

Жағдай – тұрақты

Короновируспен күрес бойынша ауданда оң өзгеріс байқалып келеді. Аудандағы штаб жұмысы мен ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерекше. Осы орайда, аудан азаматтары да өздерінің белсенділіктерін танытып, қажетінше қаражат жинап, керекті аппараттармен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, ауыл халқы да ауруханада ем алып жатқан адамдарға сәлем-сауқатпен қатар қымыз таратты.

Ауданда бүгінгі күні 269 адам коронавируспен ауырды. Оның 253-іне санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп, 75 адамда және олармен жақын байланыста болған 90 адамда симптом анықталды. 16 науқас ауданда тіркелгенімен, басқа жақта тұратындар.

Сырқаттармен қарым-қатынаста болған 38 адам бақылаудан алынды. 168 адам жазылып шықты – дейді Қарқаралы аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәкен Сипатуллин.

Ауданда құрылған мобильдік топпен 41 нысан тексеріліп, 9 адамға хаттама толтырылды. Сонымен қатар, карантин шараларын бұзған 4 демалыс үйі мен 3 дүкенге, түнгі мезгілде жүрген 2 автокөлік иесіне әкімшілік құқық бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Сағыныш ӘБІЛ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button