Ресми

Болашақ – біздің қолымызда

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Үміткер Сергей Михайлович ЕРШОВ.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 2020 жылдың 12 тамызында Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттарының сайлауы өтеді.

Қарағанды облысы мемлекеттің ең жоғары заң шығарушы органына өкіл болатын болашақ Парламент депутатының кандидатурасын айқындауы тиіс.

Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Абай ауданының мәслихат депутаттары Сенаттың қазіргі депутаты Сергей Михайлович Ершовтың кандидатурасын ұсынды. Оның заң шығару қызметінде тәжірибесі мол, өткен 6 жылдың ішінде ел үшін маңызды заңдардың әзірленуіне белсене қатысты. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Сергей Ершов 1960 жылы дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын (қазіргі Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы) «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітіріп, инженер-құрылысшы біліктілігін алды. Әскер қатарындағы қызметінен кейін Қазақстанның ірі құрылыс ұйымы – «Алма-Атажил-строй» трестінде еңбек жолын бастайды. Осы кезде Сергей Ершов жастар ұйымдарында біраз тәжірибе жинайды. Республикалық комсомол және студенттік отрядтар құрылымында маңызды қызметтер атқарады. 1986-1990 жылдары Қазақстан ЛКЖО, Қазақ КСР мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қорында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

1995 жылы шілде айында «Қазақмыс» корпорациясындағы жұмыс жолын бастайды. Осы сәттен бастап Сергей Ершовтың өмірі Қарағанды облысымен тығыз байланысты. Ол Қазақстанның ірі өнеркәсіптік өндірісінің топ-менеджері бола отырып, компанияда маңызды қызметтерді атқарды. Үйлестіру және өткізу, логистика, ішкі саясат және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі директор лауазымдарын атқарды.

Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысты. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

2014 жылдың қазан айында ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. 2017 жылдан бастап Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі. ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ассамблеясының демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі Парламентаралық одақтың тұрақты Комитеті Бюросының мүшесі болып сайланды. Сергей Ершов бизнес-ахуалды жақсарту, шағын және орта бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қолдау саласындағы заң жобаларына, соның ішінде «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы», «Жайылымдар туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» және тағы да басқа заң жобаларына қатысты.

Сенатта ол өзінің Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарындағы сайлаушыларымен тұрақты байланыста болды. С.М. Ершов еңбек ұжымдарымен, депутаттармен, халықпен кездесулер өткізді, онда мемлекеттік саясаттың көкейкесті аспектілерін түсіндірді, адамдардың пікірін тыңдады. Бірқатар мәселелер бойынша көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта Сергей Ершов өз алдына бірқатар маңызды міндеттерді қойып отыр.

Үміткердің сайлауалды бағдарламасының алғашқы тармағы – Қазақстанның өнеркәсібі мен кәсіпорындарын инновациялық дамыту мәселелері бойынша заңнамалық базаны жетілдіру.

Сондай-ақ, бағдарламада – қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде дамыту. Осы мақсатпен ол мемлекеттік тілді үйретуге қатысты мәселелердің заңнамалық базасын жетілдіру жұмыстарын жаңартпақ.

Бағдарламада аталған басты міндеттердің бірі Қарағанды облысының өзекті мәселелерін шешу және өңірдің әлеуетін нығайту болып табылады.

Қорытынды тармағы – халық үшін ең төмен әлеуметтік стандарттар мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны кеңейтуге байланысты жұмысты жалғастыру.

Үміткерімізге қолдау көрсетейік!

Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Жауапты С.Қ. ТОРЫБАЕВ.

 

Басқа материалдар

Back to top button