Руханият

ДӘЙЕК һәм ШЫНДЫҚ

Қоршаған орта туралы өзіндік көзқарас қалыптастыруы үшін адамдар фактілерге сүйенері анық. Сондықтан, олар әлемдегі тіршілік пен айналасында болып жатқан оқиғалар туралы үнемі хабардар болып отыруы керек. Бірақ, адамдар ғасырлар бойы ақпараттық тапшылық жағдайында да өмір сүрді ғой. Бір кездері адам баласына қоршаған орта туралы білім алу қымбат әрі қиын іс болса, бүгінгі күні адамзат мүлдем басқа жағдайда өмір сүруде.

Ақпарат дәуірінде адамдар түрлі гаджеттер мен басқа да технологиялар арқылы дүниенің төртбұрышынан хабар алуымен қатар, денсаулығына зиянын тигізіп жатқан осындай дүниелерден қалай сақтануды да білуі тиіс. Сондықтан да, біз бүгінде ақпараттың жетіспеушілігінен емес, оның артық болуынан зардап шегудеміз. Адамзат баласы күн сайын көлемі артып, сапырылысып жататын ақпарат тасқынын дұрыс реттеу мен өңдеу әдістерін іздеуге, қаптаған мәліметтер ішінен шикі дәйектер мен оның жалпы белгілерін табуға мәжбүр. Деректерді осылайша реттеу процесі – санаттандыру деп аталады.

Санаттар бізге бағдарлауды түзуге және объектілердің түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Адам мен оны қоршаған орта туралы ойларымызды ретке келтірмей тұрып, біз оқиғалардың, объектілер мен процестердің бөлінбеген ағынымен бетпе-бет келдік. Алайда, санаттандыру процесі адамның ойлауының қажетті негізі бола отырып, оған қорыту деңгейіне шығуға мүмкіндік берсе де, теріс әсер етуі мүмкін. Олар санатты қоршаған орта мен адамдарды аса жақын қабылдауға мүмкіндік беретін кейбір нысандар ретінде түсінуіне байланысты. Бір мәнді сипаттамалардың орын алу оқиғалары мен басқа да жағдаяттар кезінде адам біртіндеп қажетінен артық санатқа бейім болады. Санаттаудың осы нұсқасында адам стереотиптер негізінде ойлай бастайды және тым қатаң жүйелік құрылымдарды құруға бейім келеді. Олар басқа топтар мен адамдар туралы біржақты әрі бұрмаланған түсініктерді қалыптастырып қана қоймай, мұндай стереотиптер мен жүйелік түсініктерді дау-дамайға құмар мінез-құлыққа жиі итермелейді.

Жалпы алғанда, тым стереотипті ойлайтындар өз санаттарын сыни талдауға қабілетті емес, оларға негізделген көзқарастар бұрмаланған және өте жиі өтірікпен өмір сүруге алып келеді. Бұл адамдар, әдетте, өздеріне ғана ұнайтын дәлелдерді көруге бейім. Сондай-ақ, олар мұндай дәйектер белгілі бір мәселе мен осы құбылысты барынша толық әрі дәл көрсетеді деп санайды. Әлемнің жүйелік көрінісін ұнататындар, өздеріне ұнамайтын дәлелдерді мойындағысы келмейді. Олар көп жағдайда дәйекті мойындауға барынша қарсыласып, одан тікелей бас тартуға негіз болатын түрлі себептерді табады.

Қолайсыз деректер жеке, қоғамдық жұмыспен немесе әлеуметтік-саяси мәселелермен байланысты болуы, тұрмыстық, яки, тұлғааралық сипатқа ие болуы да ықтимал. Бірақ, мұндай дәйектер – кез келген жағдайда өміріміздің бір бөлігі. Қолайсыз дәйектерді елемейтін адамдар қате түсініктер мен «ыңғайлы дәйектер» негізіндегі оңайлатылған және қияли әлемде өмір сүреді.

Әлем туралы дұрыс ойламауға, жаман ойлауға туабітті бейімділік, туыстар мен жақындардың әсері, ұжымның қысымы, сондай-ақ, түрлі қоғамдық факторлар әсер етуі мүмкін. Осы факторлардың әсерінен адамдар қоршаған орта ұсынатын дәйектер мен қағидаттарды сын сүзгісінен өткізуге қиналады. Майкл Шермердің айтуынша: «Әлем туралы нақты дәйектер бізге көбінесе теорияның түрлі-түсті сүзгілері, гипотезалар, болжамдар, бейімдіктер мен өмір бойы жинақталған нанымдар арқылы келеді. Біз қазіргі ақпарат тасқынында да бар наным-сенімдерді растаймыз және қажетсізін кері тебеміз немесе рационализациялаймыз».

Жеке көзқарасын нығайту мен оған қайшы келетін дәлелдерді қабылдамауға мүмкіндік беретін дәйектерді қабылдаудың осындай ұстанымдары мен тәсілдері өмірдегі қажетсіз дүниелерді растауға дайындалуды құрайды. Әсіресе, растауға дайындалу адамның өзін-өзі сәйкестендіру үшін ең маңызды өмір сатыларында қалыптасады. Сондықтан, адамдар гендерлік, жас, нәсілдік, этникалық, діни, идеологиялық және саяси проблемаларға байланысты мәселелерде бейтарап көрқарасқа ие емес. Бірақ, адамдар өздерінің іс-әрекеттері мен қабілеттеріне баға бергенде өзіне сыни көзбен қарай алмайтындығын көрсетеді.

Қате дәлел һәм дәйектермен санаспай немесе оларды қабылдай алмайтындардан айырмашылығы, шыншылдар өз санаттары мен түсініктерінің шарттылығын түсінуге қабілетті және олар стереотипті ой қорытумен сирек бетпе-бет келеді. Өздеріне ұнайтын деректі қабылдап, санаса алады.

Барлық бейімділігімен бірге жасандылықсыз өмір сүретін адам қоршаған ортаның құпияға толы екенін жақсы түсінеді, ал басқа адамдар әрдайым оның қажеттіліктеріне сәйкес, оны мадақтап, қолдамауы да мүмкін. Өмірге және айналаңдағы адамдарға деген осындай парасатты көзқарастың, ең бастысы, өзіне сыни көзқарастың арқасында шыншыл адамның өз проблемаларын табысты шешуге, басқалармен және жалпы әлеммен оң қарым-қатынас орнатуға көбірек мүмкіндігі бар.

Реализм – қоршаған ортамен байланысты дәйектерді ғана емес, өз ойлары мен сезімдерін де сыни талдауға бейім ойлаудың белгілі бір түрі. Реалист (шыншыл) сыни талдауға ұшырамай-ақ, кез келген пікірлер мен дәйектерді қиын қабылдайды.

Ол логикасы мен тексерілген тәжірибесі арқылы оларды қабылдайды немесе кері тебеді. Басқаша айтқанда, әлемге және өзіне шынайы қарым-қатынас тұжырымдар мен дәйектерге бейтарап түсінікке негізделген қарым-қатынасты білдіреді. Шыншыл болу – оңай да, қиын да емес. Сондықтан, біз барынша шыншылдыққа ұмтылуға міндеттіміз.

Есет ЕСЕНҚАРАЕВ,

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің

Экономикалық және құқықтық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері.

Басқа материалдар

Back to top button