«Көмектің» көмегі
Коронавирустың таралуымен күресу үшін құрылған «Көмек – 2020» облыстық қоғамдық қорына 424 703 803 теңге түсті. Жарналар кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс және жол компанияларының еңбек ұжымдарынан түсті. Сондай-ақ, облыстағы мемлекеттік қызметкерлер де бір күндік жалақысын аударды.
Жиналған ақшадан 58 750 000 теңгеге 10 «САП-01» бүріккіш-автокөлігі сатып алынды. Оның ішінде, 21 232 926 теңгеге аспалы және 12 686 000 теңгеге бензинді бүріккіштер алынды. Оттегі концентраторлары 42 885 000 теңгеге сатып алынды.
Қарағанды облысының ауруханаларына дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық құрал-саймандарға 92 465 389 теңге жұмсалды. COVID-19-бен күреске қатысатын медицина қызметкерлерінің тұруына және тамақтануына 100 201 200 теңге жұмсалды. Карантин жағдайында тұрғылықты жерінен жұмысқа дейін медициналық қызметкерлерді тасымалдау үшін 5 108 090 теңге төленді.
COVID-19 жұқтыру қаупі бар «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК қызметкерлеріне 68 949 750 теңге бөлінді. Вирустың таралу қаупін төмендету бойынша іс-шараларда жұмыс істейтін зертханалардың қызметкерлеріне сыйақы беруге 8 609 000 теңге жұмсалды. Балқаш орталық ауруханасында жұқпалы аурулар корпусын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 12 500 000 теңге жұмсалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда коронавирустың таралуымен күресу үшін «Көмек – 2020» облыстық қоғамдық қоры жұмыс істейді. Қаржының жұмсалуын Қамқоршылық кеңесі бақылайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.