Спорт
Жерлесіміз – жеңімпаз
Жерлесіміз Абылайхан ЖҮСІПОВ ұлт-азаттық көтерілісінің батырлары Исатай ТАЙМАНОВ пен Махамбет ӨТЕМІСОВТІ еске алуға арналған халықаралық турнирде алтын медальді иеленді.
Турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысып, бақтарын сынаған.
Қарағандылық Абылайхан 69 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Айта кету керек, қазір боксшы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын алуға талаптану үстінде. Бұған дейін ол Софияда өткен беделді турнирде күміс медальға ие болған еді.
Атырауда өткен турнир – Азиядағы ең ірі турнир. Ол AIBA күнтізбесіне (халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы), “А” санатына кіреді.
Айдана ТАҢАТАР,
Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың студенті.