Облыс әкіміРесми

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Осыдан тура 25 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымызда Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі базалық негіздері бекітілді. Бқл біздің еліміздің дамуындағы жаңа кезең болып табылатын маңызды тарихи оқиға болды.

Еліміздегі конституциялық өзгерістердің барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Шетелдік тәжірибе мен озық құқықтық технологияларды негізге ала отырып, сондай-ақ отандық тарихи тәжірибеге сүйеніп, Елбасы қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға жауап беретін егемен, қазақстандық тиімді  құқықтық жүйені құра алды.

Конституция біздің Тәуелсіздігіміздің берік іргетасына, Қазақстанның табысты дамуының және жоғары халықаралық беделінің кепіліне айналды. Сондай-ақ, Ата Заңымызда қоғамдық-саяси бірлік пен келісім, тұрақтылық қоғамымыздың басты құндылықтары ретінде бекітілді. Ата Заңымызда қамтылған нормаларды мүлтіксіз сақтау елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларының одан әрі табысты дамуының кепілі болып табылады.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді келіп жеткен мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, барлықтарыңызға денсаулық, отбасыларыңызға береке тілейміз. Еліміз гүлденіп, дами берсін!

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық

мәслихатының хатшысы.

 

Басқа материалдар

Back to top button