Ресми

Құрметті кен өндіру саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстанның көмір өнеркәсібі ел экономикасының ең ірі салаларының бірі болып табылады. Республикада хром кені әлемдік қордың 30%-ы, марганец кені – 25%-ы, темір кені – 10%- ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қорлары әлемдік қордың тиісінше 10% және 13% құрайды. Менделеев кестесінің 105 элементінен Қазақстанның жер қойнауында 99-ы анықталды, 70-тен астам қорлар барланып, өндіріске 60-тан астам элементтер тартылды.

Қарағанды үшін табиғи ресурстарды өндіру және оларды қайта өңдеу – біздің болашағымыз, өткеніміз және бүгініміз. Жылдан жылға кеншілердің ұрпақтары аймақтың даму басында тұрды.

Бұл саладағы жұмысты ең мықты, сенімді және табанды адамдар ғана таңдайды. Біз сіздердің жетістіктеріңізді, кәсібилігіңізді, шыдамдылық пен ерік-жігеріңізді мақтан тұтамыз. Сіздер өз еңбектеріңіздің арқасында басқа салаларға тиімді жұмыс істеуге көмектесіп, сол арқылы біздің өңіріміздің экономикасын дамытуға септігін тигізудесіздер.

Ардагерлерге құрметіміз ерекше. Сіздер саланы және бүкіл Қазақстанды дамыту үшін көп жұмыс жасадыңыздар. Көмір өнеркәсібі саласында жаңа технологияларды енгізуге және меңгеруге, баға жетпес тәжірибе мен лайықты өзгерістерге қол жеткізгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Құрметті кеншілер! Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық бақыт пен байлық тілейміз! Еңбектеріңіз қауіпсіз, өндірістік жеңістеріңіз көп болсын! Мереке құтты болсын!

Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қаласы мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button