Облыс әкіміРесми

Құрметті кеншілер!

Cіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Бұл мереке облысымызда 70 жылдан астам уақыт бойы аталып келе жатқан барлық қарағандылықтар үшін мән-маңызы терең күн болып табылады.

Қарағанды облысы – табиғи ресурстарға бай өлке. Біздің аймақта елімізде өндірілетін көмірдің үштен бірінен астамы және кокстелетін маркалы көмірдің 100%-ы, мыс кенінің 80%-ы, сондай-ақтемір кенінің 55%-ы өндіріледі. Әрине, бұл табиғи байлық кеншілер қауымының жанқиярлық еңбегінің арқасында ғана еліміздің игілігіне айналады.

Қарағанды аймағының кеншілері өз дәстүрлеріне адал және өз істеріне берілген батыл да табанды адамдар. Сондықтан да, кенші мамандығы біздің өңірде қашанда ерекше құрметке ие.

Осы ретте Қарағанды көмір бассейнін дамытуға үлес қосқан ардагерлерімізге, еңбегі сіңген кеншілерге ерекше алғысымызды білдіреміз!

Соңғы жылдары аймақтағы көмір өнеркәсібін көтеру үшін көп жұмыс жасалды және саланы цифрландыру бойынша қабылданған шаралар өзінің оң нәтижесін берді. 2019 жылы облыстың көмір шахталары мен разрездерінде 34 миллион тонна көмір өндірілді. Ал, биыл көмірді 4 миллион тоннаға артық өндіру жоспарлануда. Бұл көрсеткіш біздің өңіріміздің тау-кен өндіру саласының тұрақты дамуын айғақтайды. Бүгінде біздің аймақ көмір өндіру саласында көшбасшы болып табылады.

Осы мерекеге орай біз сіздерге ел алдындағы еңбектеріңіз бен мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыз үшін барлықтарыңызға алғыс білдіреміз. Барлық кеншілерге мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз!

Мерекелеріңізбен!

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button